Жеке деректерді ашық жариялау мәселесі Конституциялық сотта қаралды
© Фото: senate.parlam.kz
Конституциялық сот Салық кодексінің 29-бабы 3-тармағы мен шет мемлекеттер мен ұйымдар ұсынған ақшалай қаражат пен өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар туралы деректер базасын жүргізу қағидаларының 8-тармағы Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қарады.
Өтініш беруші халықаралық ұйымдармен жасалған келісімшарттар аясында ақшалай қаражат алғаны туралы есептілікті тапсырғаннан кейін оның жеке деректерінің тиісті тізілімде ашық жариялануы өтінішке себеп болған.
Өтініш берушінің пікірінше, даулы нормалар оның келісімінсіз жеке деректерін жариялауға мүмкіндік береді және мәліметтерді тізілімнен алып тастаудың тиімді тетігін қарастырмайды. Бұған дейін ол Қағидаларды заңсыз деп тану және өзі туралы мәліметтерді тізілімнен алып тастау туралы талаппен сотқа жүгінген. Алайда дауды қарау қорытындысы бойынша қабылданған сот актілері өзгеріссіз қалдырылған.
Конституциялық сот Салық кодексінің 29-бабы 3-тармағы деректер базасын жүргізу, оған тұлғаларды енгізу және одан шығару тәртібін реттемейтінін атап өтті. Бұл норма тек тиісті тәртіпті белгілейтін және тізілімді жариялауды қамтамасыз ететін уәкілетті органды айқындайды.
Өтініштің қабылдану талаптарын бағалау кезінде Сот Қағидалардың 8-тармағын бірінші сатыдағы сот 2023 жылғы 11 желтоқсанда қолданғанын анықтады. Ал Конституциялық сотқа жүгінген кезде Конституциялық заңда көзделген мерзім өтіп кеткен.
"2025 жылғы 16 сәуірдегі мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың ұйғарымы жаңа мерзімнің басталуына негіз болған жоқ. Себебі осы іс аясында Қағидалардың даулы нормасы тікелей қолданылмаған, тек бұған дейін қабылданған сот шешіміне байланысты аталған", – деп атап өтті Конституциялық сот.
Осылайша, заңда белгіленген өтінішті қабылдау талаптары сақталмағандықтан, ол конституциялық іс жүргізуге қабылданбады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:56, 13 қараша 2026
Ұлттық банк банктерді «енжар табыстан» арылтпақ: қаржы жүйесінде не өзгереді
-
15:46, 13 қараша 2026
13 қарашадағы сауда қорытындысы: доллар бағамы белгілі болды
-
15:22, 13 қараша 2026
Қазақстанда әуе билеттерінің бағасы тексеріледі
-
15:15, 13 қараша 2026
Алматы автобустарында шаңғы, сноуборд пен шананы алып жүруге бола ма
-
15:10, 13 қараша 2026
Тоқаев мемлекеттік қаржының жұмсалуын бақылайтын комиссия құратынын айтты





