Ақмола облысында жолда қалған 80-нен астам адам құтқарылды

15:24, 28 қараша 2022

© Сурет: Zakon.kz

Ақмола облысында жолда қалған 80-нен астам адам құтқарылды. Олар өткен демалыс күндері аязға қарамастан жолға шығып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Астана-Павлодар» тас жолында сынып қалған автобустан 11 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Сондай-ақ қатты аяз салдарынан «Екатеринбург - Алматы» бағытында жолда қалған автобустан 62 адам эвакуацияланды, оның 8-і бала.

Құтқарылғандардың 42-сі Тәжікстан, қалғаны Өзбекстан мен Ресей азаматтары. Бәрі бейімдеу орталығына орналастырылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал Қарағанды облысында 22 адам құтқарылды. Өткен түнде Осакаров ауданы Молодёжный ауылынан 3 шақырым жерде жолаушылар көлігі техникалық ақауға байланысты тоқтап қалған. 2 адам ауылға жеткізілді. Ал Шет ауданында «Алматы-Екатеринбург» тас жолында істен шыққан автобустан 19 адам Ақсу-Аюлы ауылына апарылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!