Ақмола облысында енді қызылшамен дәрігерлердің өздері ауыра бастады

10:30, 16 қаңтар 2019

Медицина қызметкерлері науқастарға ем-дом жасап жүріп, осы індетті жұқтырыпты. Бұл туралы zakon.kz КТК телеарнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Әсем Төлеубаева, Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

-Бүгінгі таңда 6 медицина қызметкері қызылша ошағындағы адамдармен қарым-қатынаста болған. Олар ем қабылдап, медициналық бақылауда отыр. Мамандар медицина қызметкерлерінің инфекция жұқтыруына олардың вакцина алмауы, болмаса, иммундық қабілеттерінің төмендеуі де себеп болуы мүмкін,-дейді. Қазірдің өзінде Ақмола өңірінде 77 адамнан қызылша дерті байқалған. Олардың барлығы есепке алынып, жұқпалы дерт ошақтарында залалсыздару шаралары жүргізілді. Медицина қызметкерлеріне эпидемияға қарсы екпе жасаудың тиімділігі түсіндіріп жатыр екен. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі енді сәбилерге 1 жастан емес, 9 айынан бастап вакцина салмақшы. Өйткені, ауыруға шалдыққандардың басым бөлігі екпе алып үлгермеген сәбилер.

"Елімізде осы аурудың көтерілуі байқалып жатыр. Былтырғы жылдың қараша айынан бастап зертханалармен расталған 1 мыңға жуық жағдай тіркелді. Толығымен вакцинация жүргізу үшін вакцина бар. Тағы 100 мың вакцина сатып аламыз", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, Жандарбек Бекшин


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!