«Ақ жол» партиясы банктік құпияны конституциялық деңгейде қорғауды күшейтуді ұсынады
© Сурет: Telegram/consud.kz
"Ақ жол" демократиялық партиясы Мемлекет басшысы Ата заңға енгізуді ұсынған концептуалды өзгерістерді қолдайды. Бұл туралы партияның фракция басшысы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол күні-кеше партияның Ұлттық кеңесінің пленумы өтіп, онда V Ұлттық Құрылтайдың қорытындылары мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституциялық реформа жөніндегі бастамалары талқыланғанын жеткізді.
"Осы ретте партия төрағасы ретінде маған Конституциялық комиссия мүшелеріне "Ақ жол" Мемлекет басшысы ұсынған Конституцияның тұжырымдамалық өзгерістерді қолдайтынын баяндау тапсырылды", – деді Азат Перуашев.
Сонымен қатар ол ұлттық бизнес пен өнеркәсіппен айналысатындардың мүдделерін білдіре отырып, "Ақ жол" азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғаудың конституциялық кепілдіктерін күшейту қажеттігіне ерекше назар аударуды ұсынады.
"Мысалы, банк операциялары мен салымдардың құпиясын бұзу жағдайлары алаңдаушылық туғызады. Біздің ойымызша, осылайша азаматтар мен бизнестің қаржылық жағдайы туралы дербес деректердің жеткіліксіз қорғалуы байқалады, бұл жаппай цифрландыру және деректердің тарап кетуі дәуірінде өте қолайсыз болып отыр", деп атап өтті Азат Перуашев.
Оның айтуынша, конституциялық құқықта кәсіпкерлік кепілдіктер мен бостандықтар мәселелерін шешуге кешенді көзқарас қажет. Сондай-ақ бұл Мемлекет басшысының бизнесті қолдауды күшейту және өткен жылдың қыркүйек айында халыққа Жолдауында айтылған инвестицияларды қорғау жөніндегі арнайы комитет құру жөніндегі тапсырмаларымен үндеседі.
"Ақ жол" демократиялық партиясы банктік құпияны, жеке және іскерлік келіссөздерді, сондай-ақ цифрлық технологияларды қоса алғанда, кез келген байланыс құралдарымен берілетін хат-хабарларды конституциялық қорғауды күшейтуді ұсынады. Бұл азаматтар мен бизнестің жеке меншік құқығын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін күшейтудің маңызды элементі болады", деп сөзін түйіндеді Азат Перуашев.
Бұған дейін Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Конституцияда "Миранда қағидасын" бекітуді ұсынғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:53, 15 шілде 2026
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: нөсер жаңбыр мен +46 градусқа дейінгі аптап ыстық күтіледі
-
11:48, 15 шілде 2026
15 шілдедегі Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары
-
11:32, 15 шілде 2026
Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстыққа байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады
-
11:24, 15 шілде 2026
Алматыда 15 шілдеден бастап бірден 15 автобус бағытының қозғалысы өзгереді: толық тізім
-
11:14, 15 шілде 2026
Қазақстанда медициналық техниканы сатып алу тәртібі өзгереді





