Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді жауапты дамытудың үлгісіне айналуы тиіс
© Фото: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қауіпсіздік, экология және инфрақұрылым сапасына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, Almaty Superski жобасының Қазақстанның туризм саласын дамытудағы маңызын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Үкіметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы жылдары табиғи, экологиялық және тау туризмі ерекше қызығушылық тудыруда. Тек 2024 жылы ғана Қазақстанның ұлттық парктеріне 2,8 млн адам келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 18%-ға артық.
"Егер бұрын мұндай демалысты арнайы туристер мен тау шаңғысы әуесқойлары жиі таңдайтын болса, бүгінде табиғи аумақтар жаппай баратын орынға айналады. Адамдар ол жерге демалыс күндері жаяу жүру үшін, белсенді демалыс және табиғат аясына қысқа уақытқа шығып қайту үшін барады",- деп атап өтті Аида Балаева.
Оның пікірінше, тау шаңғысы туризмін дамыту Алматы тау кластеріне қатысты жаңа тәсіл мен заманауи көзқарасты қажет етеді. Бұл ретте, Almaty Superski жобасы Қазақстанның бірегей табиғи әлеуетін қоғамның, елдің және болашақ ұрпақтың игілігі үшін қауіпсіз әрі жауапты түрде пайдалана алатынын көрсететін үлгіге айналуы тиіс.
"Almaty Superski жобасы жеке инфрақұрылымды салу мәселесі ғана емес. Бұл жерде Алматының болашағы, Қазақстанның барлық туристік саласының дамуы, таулардың азаматтар үшін қолжетімділігі, адамдардың қауіпсіздігі және Іле Алатауының бірегей табиғатына жауапкершілікпен қарау туралы әңгіме болып отыр. Almaty Superski жобасының мәні бір қаланың шеңберінен шығып, Қазақстанның заманауи, ашық және бәсекеге қабілетті туристік бағыт ретіндегі халықаралық имиджін нығайтуға көмектеседі.", – деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі.
Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Көкжайлау жерлері Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрамынан шығарылмайтынын және ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін сақтайтынын және жоба аясында жеке коттедждер мен виллалар салу қарастырылмағанын атап өтті. Жоба экологиялық талаптарды қатаң сақтау, ғылыми сүйемелдеу, қоғамдық бақылау және орындаушылардың жеке жауапкершілігімен ғана іске асырылады.
Аида Балаева заманауи инфрақұрылым ережелер, лимиттер, тиімді жоспарланған бағыттар, экологиялық мониторинг және экологиялық мәдениет арқылы табиғатқа түсетін жүктемені азайтуға тиіс екенін айтты. Бұл үшін аспалы жолдар, қауіпсіз маршруттар, визит-орталықтар, қарау алаңдары және базалық санитарлық инфрақұрылым қажет.
"Жоба жабық курорт емес, қоғамдық инфрақұрылым ретінде жұмыс істеуге тиіс",- деді ол.
Сондай-ақ Медеу – Шымбұлақ – Көкжайлау – Құмбел сияқты өзара байланысқан жүйе туристер ағынын тиімді бөліп, Шымбұлаққа түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Алматы тау кластерін дамыту тек заң талаптарын сақтау, аумақтың табиғатты қорғау мәртебесін сақтау, шешімдердің ашықтығы және экологиялық талаптарды орындау жағдайында ғана мүмкін.
"Almaty Superski жобасы нақты ережелері бар, бақылауға алынатын және қоғамдық мүдделер ескерілетін реттелетін инфрақұрылым ретінде жүзеге асырылуы тиіс". Аида Балаева
Бұған дейін елімізде курортты өңірлерді дамытудың 2026-2029 жылдарға арналған жол картасы бекітілгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:45, 26 мамыр 2026
«Ұрып-соғып, дәретханаға қамап қойған»: Ақмола облысында балабақша қызметкеріне қатысты дау туды
-
10:33, 26 мамыр 2026
Ер адам бұрынғы сүйіктісіне қышқыл шашып, пышақпен шабуыл жасаған
-
10:19, 26 мамыр 2026
«Қастандықпен өлтірді»: Алматыда бірнеше күннен бері із-түссіз жоғалған жігіттің мәйіті жер қойнына тапсырылды
-
10:07, 26 мамыр 2026
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көлігі тұралап қалды
-
09:55, 26 мамыр 2026
Астанада бір топ мектеп оқушысы ерекше баланы соққыға жыққан





