Абайдың есімі бүгінгі биліктің ойыншығына айналып кетпесін

11:53, 21 қараша 2019

Семейдегі аэропортқа "Абай" атауын береді деп қуанып жатқандар көп. Əрине, қазақты барша əлемге танытқан Абай атамыз қандай құрметке де лайық, дейді желіде Ерлан Шаяхметұлы.

Қалай десек те, Абай атамыздың есімі Семейде аз емес, "Абай театры", "Абай кітапханасы", "Абай музейі", "Абай көшесі" т.б.

Есімін қоя бергеннен қайтып келген пенде жоқ.

Бірақ, дəл осы аэропорт алаш арыстары 1917 жылы 29-шілдеде "Алаш қала" атаған сол жағалаудың аумағында тұрғандықтан сол құрметке лайық "АЛАШ" - деген атауға сұралып тұр еді.

Аэропорттың аяқ астынан "Абай" атануы билік тарапынан ашылғалы жатқан "Абай аренаның" басқа атауға ауысуына алып келмей ме деген күдік те келеді.

Егер олай болып жатса ұлы Абайдың есімі де билік саясатының ойыншығына айналған болып шығады.

Мен де тобықтымын, Абай атамның айтып кеткен сөздерін бойыма бойтұмар етіп, ұстарамен мұртымды түзеп жүрген жанмын, дейді пост авторы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!