Абайда жасөспірімді үнемі зорлап жүрген бұрынғы полиция қызметкері ақыры сотталды

10:56, 20 ақпан 2020

Абай ауылында жасөспірімді үш жыл бойы зорлаған бұрынғы полиция қызметкері 15 жылға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы адвокат Айман Омарова Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Түркістан облысында 16 жастағы жасөспірімді зорлап келген бұрынғы полиция қызметкері - Сейітжапаров Сәкенге үкім шықты. Оны 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді (судья Қалмағамбетов Қасым)", - деп жазды ол.

Прокурор 11 жыл сұрады. Бірақ оған 15 жыл берілді. Өз басым, ондай адамға 15 жыл да жеткіліксіз деп санаймын. Ол баланың өмірін күл-талқан етті, - деді ол.

Оның айтуынша, Түркістан облысында қандай да бір заңды орнату өте қиын.

2013 жылдан бастап полицей С. жасөспірімді зорлап жүрген, оған қоса, егер бұл жайтты біреуге айтсаң, онда интимдік сипаттағы фотосуреттер мен видеоны желіге салып жіберемін деп қорқытқан. Онысымен қоймай ол баладан мезгіл-мезгіл сайын ақша бопсалаған, - деді Айман Омарова.

Соңғы алты жыл ішінде осы зорлау ісі бірнеше рет көтерілді, бірақ дәлелдемелер жеткіліксіз деген желеумен әр кез оны орта жолдан жауып тастап отырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!