Абай облысында ер адам мал айдауға шығып, орманды жерде адасып кетті

10:00, 29 желтоқсан 2024

© Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Абай облысы Бесқарағай ауданында, Семейден 40 шақырым қашықтықта ТЖД құтқарушылары полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, 1968 жылы туған азаматты іздеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ер адам Бородулиха ауданы Изатула ауылынан ат үстінде мал айдауға шығып, орманды жерде адасып кеткен.

Құтқарушылар малшыны қала маңындағы орманшылықта дрон мен қарда жүргіш арқылы аман-есен тауып, елді мекенге жеткізді.


"Медициналық көмек қажет болған жоқ. Төтенше жағдай туындаса 112 нөміріне хабарласыңыз!"Төтенше жағдайлар министрлігі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!