Абай облысы әкімдігіне кеңсе жиһазын сатып алуға арналған конкурс тоқтатылды
© Фото: Zakon.kz
Соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Абай облысы әкімдігі мен оған бағынысты басқармаларға кеңсе жиһазын сатып алу мәселесі кеңінен талқылануда. Осыған байланысты Zakon.kz редакциясы әкімдікке ресми сауал жолдап, жағдайдың мән-жайын анықтады.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қазіргі жағдайға түсініктеме берді.
– Ербол Әбілхайырұлы, соңғы күндері бірқатар БАҚ-та Абай облысы әкімдігі мен оған бағынысты басқармалар үшін кеңсе жиһазын сатып алуға жарияланған конкурс талқылануда. Облыс әкімдігі бұрын қалай жиһазбен қамтамасыз етілген еді?
– Жиһаз сатып алуға байланысты конкурс рәсімдері жарияланғанына қарамастан, Абай облысы әкімінің шешімімен тоқтатылды.
Сіздің сұрағыңызға жауап бере отырып айтарым: Абай облысы 2022 жылы құрылған сәттен бастап, әкім аппараты мен оған бағынысты 23 басқарма үшін жиһаз сатып алу мемлекеттік сатып алу жолымен жүргізілген жоқ. Қазіргі таңда 639 қызметкер бұрын Семей қаласы әкімдігінен есептен шығарылған, тозығы жеткен жиһазды пайдалануда. Тіпті кейбір басқармаларда қызметкерлер үйден әкелген жиһазбен жұмыс істеуге мәжбүр.
Бұл өзекті мәселені шешу үшін, яғни қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында, 2024 жылы мемлекеттік сатып алу рәсімдері басталған болатын. Нақты айтқанда, өткен жылдан осы уақытқа дейін конкурс 7 рет жарияланды. Алайда потенциалды жеткізушілер тарапынан құжаттардың талапқа сай болмауына байланысты әр жолы конкурс кейінге қалдырылды.
Сатып алынатын жиһаздың саны мен талаптары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №201 бұйрығына сәйкес бекітілген. Бұл бұйрықта мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автокөліктермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникамен, кеңселермен, кеңсе тауарларымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің табиғи нормалары белгіленген.
– Жиһаз сатып алу процесіне қайта оралу жоспары бар ма?
– Жоқ. Жоғарыда атап өткенімдей, конкурс Абай облысы әкімінің шешімімен толықтай тоқтатылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





