2025 жылы полиция алты мыңға жуық жоғалып кеткен баланы тапты
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 6 қаңтарда хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру бағытындағы жұмыстың қорытындысы жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстан аумағынан тыс жерлерде жасырынған 156 қылмыскер іздестіріліп, ұсталған. Сонымен қатар ТМД елдері мен алыс шетел мемлекеттерінің сұрауы бойынша ел ішінде 639 іздеуде жүрген тұлға қолға түскен.
"2025 жылы түрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген 1600-ден астам адам ұсталды", – деп атап өтті министрлікте.
ІІМ өкілдері хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру саласында да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін мәлімдеді.
"2025 жылы жоғалып кеткен деп есептелген 20 мыңнан астам адамның жүрген жері анықталды. Олардың 6 мыңнан астамы – балалар. Әрбір оқиға – полицияның тиянақты еңбегінің нәтижесі және азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қалпына келтіруге қосылған үлес", – деп атап өтті ІІМ.
Бұған дейін Алматыда жоғалып кеткен жасөспірімге қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 7 қаңтар 2026
«Қайрат» сапынан негізгі құрамдағы екі ойыншы кетті
-
17:33, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
16:58, 7 қаңтар 2026
Талдықорғанда түтінге толған үйден жеті бала құтқарылды
-
15:58, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда Қазақстанның қай өңірлерінде жауын-шашын түсіп, боран соғады
-
15:30, 7 қаңтар 2026
ШҚО-да полицейлер жүргізушілерді қар құрсауынан құтқарды





