2026 жылы әскери жиындарға 3000 қазақстандық шақырылады

09:44, 10 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі 2026 жылғы 31 наурызда әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұйрыққа сәйкес, 2026 жылы әскери жиындарға 3000 әскери міндетті азамат шақырылады.

Құжат 2026 жылғы 19 сәуірден бастап күшіне енеді.

Әскери жиындарды өткізу мерзімі – 2026 жылдың мамырынан қазанына дейін.

Әскери жиындар – әскери басқару органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдар ұйымдастыратын іс-шаралар.

Оның мақсаты – әскери міндеттілер мен азаматтардың әскери даярлығын жетілдіру, білімін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда өткізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!