2026 жылғы Олимпиаданың марапаттау рәсіміне арналған киім дайын болды

14:16, 4 желтоқсан 2025

© Сурет: Instagram/milanocortina2026

3 желтоқсанда Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары марапаттау рәсімдеріне арналған ресми киімді таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, бұл киімді жасау құқығына бірнеше дизайн мектептері таласқан. Бұл түсінікті де, өйткені Милан – әлемдік сән астанасы. Бұл мәртебе қалаға 1970–1980 жылдары Армани мен Версаче сияқты дизайнерлердің арқасында бекіген. Олар Миланды киім орталығына айналдырған тұлғалар.

Сурет: Instagram/milanocortina2026

Алайда марапаттау рәсіміне арналған ресми форманы дайындау байқауында Брера бейнелеу өнері академиясының студенттері жеңімпаз атанды.

Қысқы Олимпиада ойындары Италияда 6–22 ақпан аралығында өтеді.

Бұған дейін Жаңа Зеландияда ер адам құны 20 мың доллар тұратын әшекейді жұтып қойғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!