2026 жылғы Азиадаға қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер белгілі болды

19:12, 11 қыркүйек 2026
MKZ: 1566407

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Аичи-Нагоядағы (Жапония) 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорытынды тізімге 30 спортшы енді.

Ерлер

- Георгий Шейко (марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);

- Шадрак Кимутаи (марафон);

- Иван Иванов (ядро серпу);

- Алексей Хлыстов (найза лақтыру);

- Давид Ефремов (110 м кедергілер арқылы жүгіру);

- Максим Фроловский (5000 м жүгіру, 10 000 м жүгіру);

- Андрей Соколов (400 м жүгіру, аралас 4×400 м эстафета);

- Михаил Литвин (аралас 4×400 м эстафета);

- Эльнор Мухитдинов (400 м жүгіру, аралас 4×400 м эстафета);

- Вячеслав Земс (400 м кедергілер арқылы жүгіру, аралас 4×400 м эстафета);

- Ефим Тарасов (аралас 4×400 м эстафета).

Әйелдер

- Ясмина Тоқсанбаева (марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);

- Кристина Морозова (жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);

- Эльмира Калимуллина (жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);

- Нора Джеруто (3000 м кедергілер арқылы жүгіру, 5000 м жүгіру);

- Дейзи Джепкемей (5000 м жүгіру, 10 000 м жүгіру);

- Аделина Земс (400 м кедергілер арқылы жүгіру, 4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);

- Мария Шувалова (400 м кедергілер арқылы жүгіру, 4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);

- Александра Залюбовская (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);

- Аяна Болатбекқызы (800 м жүгіру, 1500 м жүгіру);

- Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру);

- Кристина Овчинникова (биіктікке секіру);

- Мария Ефремова (үш қарғып секіру);

- Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру);

- Полина Иванова (сырықпен секіру);

- Анна Черкашина (сырықпен секіру);

- Алина Чистякова (жетісайыс);

- Софья Киденко (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);

- Анна Шумило (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);

- Милана Зубарева (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета).

Айта кетейік, Азиадада жеңіл атлетика жарыстары 24-29 қыркүйек аралығында Нагояда (Жапония) өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!