Спортшыларға Азия ойындарындағы алтын медаль үшін төленетін сыйақы көлемі артуы мүмкін

18:22, 11 қыркүйек 2026
MKZ: 1566398

© Сурет: Zakon.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 11 қыркүйекте Астанада ұлттық құрама командаларының қорытынды оқу-жаттығу жиынында XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған спортшыларға қанша сыйақы төленуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес спортшыларды қосымша ынталандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Азия ойындарындағы медальдар үшін берілетін сыйақы көлемін едәуір арттыру жоспарланған.

Оның сөзінше, тиісті тапсырма өңірлерге де берілген. Осыған байланысты журналистер сыйақы көлемі нақты қанша болатынын сұрады.

"Бұл норманы заңнамалық тұрғыда бекіту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұған дейін спортшылар 5, 10 немесе 15 мың доллар алатын. Енді алтын медаль үшін 50 мың доллар төлеуді жоспарлап отырмыз. Алайда дәл осы Азия ойындарында сыйақы бюджеттен тыс қаражат есебінен төленеді. Бұл бағытта қазірдің өзінде жұмыс істеп жатырмыз. Шынында да, Азия ойындарының алтын медалінің құны өте жоғары. Азия құрлығында мықты құрамалар мен елдер көп, сондықтан алтын медаль алу өте қиын", – деді министр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!