2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған сұйытылған мұнай газының бағасы бекітілді

09:16, 6 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Энергетика министрі 2024 жылғы 25 желтоқсандағы бұйрықпен тауар биржаларынан тыс ҚР ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта:

"Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда тоннасына 45 158 теңге мөлшерінде шекті бағасы бекітілсін".

Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Еске салсақ, бұған дейін сұйытылған газдың бағасы 2024 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейінгі аралыққа бекітілген болатын. Бұл уақытта газдың құны 40 320 теңгені құрады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!