30 жылда қазақша 30 сөз жаттамаған шенділерден қайыр жоқ
© Сурет: instagram.com / marinaa_sakharova
Ұлты орыс, тілі мен ділі қазақ тележүргізуші Марина Сахарова инстаграм-парақшасында @marinaa_sakharova қазақша екі сөздің басын құрай алмайтын шенділерді сөзбен түйреп өтті, деп хабарлайды zakon.kz.
Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толды. Алайда, осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметшілердің мемлекет тілінде сөйлемеуі қынжылтады. 30 жылда 30 сөзді мүдірмей айтуды үйренбеген, мемлекеттің тіліне немқұрайлы қараған басшылар ел алдына шығып, қазақша сөйлеуге неге ынталы емес? "Алдыңғы арба қалай жүрсе, артқы арба солай жүреді". Елдің арасынан суырылып шыққан, жұрттың мұң-мұқтажын ескеретін билік басындағы ел ағалары қазақша есеп берсе, бұл әрине барлығымыщзға үлгі болар еді. Өз болашағын Қазақстанмен байланыстыратын кез келген адам ұлтына қарамастан, қазақ тілін білуі, насихаттауы тиіс. Бұл дарқан пейілді қазақ халқына деген адалдығымыз болмақ, - дейді Марина Сахарова.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 5 наурыз 2026
Алматы әуежайы әйелге тұрақ үшін 128 мың теңге есептеген
-
22:06, 5 наурыз 2026
Артур Смағұлов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті
-
21:40, 5 наурыз 2026
Ғұсман Қырғызбаев пен Әбиба Әбуҗақынова бастаған дзюдошылар Гран-при жарысына аттанды
-
21:01, 5 наурыз 2026
Таяу Шығысқа елдеріне әуе рейстері 10 наурызға дейін тоқтатылды
-
20:32, 5 наурыз 2026
Тоқаев Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады





