339 912 және 473 158 теңге: Қазақстанда ең көп жалақы қайда өсті
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 2026 жылғы 3 сәуірде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының (БНС) баспасөз қызметі 2025 жылғы IV тоқсандағы жалақы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстан бойынша:
- 2025 жылғы IV тоқсандағы жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) бағалау бойынша 339 912 теңгені құрады.
- Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы орташа айлық атаулы жалақы мәні 473 158 теңге болды.
"2024 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғандағы атаулы жалақы индексі 108,8% болса, нақты мәндегі индекс – 96,8%. IV тоқсандағы жалақының орташа мәнінің өсуі жыл қорытындысы бойынша қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюына байланысты болып отыр",- делінген ақпаратта.
2024 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі:
- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 25,9%,
- жылжымайтын мүлік операциялары – 14,5%,
- көлік және қойма – 11,9%,
- өнер, ойын-сауық және демалыс – 10,8%,
- ақпарат және байланыс – 10,7%,
- көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 10,3% салаларында байқалды.
Білім беруде орташа айлық жалақы – 5,7%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 5,6% өсті.

Сурет: gov.kz
Ведомство дерегінше, өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың IV тоқсанында айлық орташа атаулы жалақының ең көп өсуі байқалды:
- Ақмола облысында –17,4%,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 13,1%,
- Абай облысында – 11,7%,
- Алматы қаласында – 11,5%,
- Жетісу облысында – 11,2%.

Сурет: gov.kz
Бұған дейін Алматыда жаңа бірыңғай нөмір енгізілгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:40, 3 сәуір 2026
Алматыдағы крематорийдің ашылу мерзімі белгілі болды
-
16:23, 3 сәуір 2026
Қазақстаннан көшіп кету үшін ұлтын өзгертпек болған астаналық құжат бойынша қиындыққа тап болды
-
16:07, 3 сәуір 2026
Оңтүстік Кореяда «кедейлер картасы» іске қосылды
-
15:54, 3 сәуір 2026
3 сәуір қорытындысы: теңге күшейіп, мұнай бағасы өсті
-
15:43, 3 сәуір 2026
ІІМ: Қазақстанда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде лазерлік технологиялар қолданыла бастады





