25 жастан 52 жасқа дейінгілер. Нұр-Сұлтандағы коронавирустың жаңа 7 дерегі туралы

13:57, 19 наурыз 2020

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырудың жаңа жеті дерегі туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның тағы жеті жағдайы тіркелді. Бұл 25 пен 52 жас аралығындағы ҚР азаматтары. Бәрі де бұған дейін коронавирус расталған науқастармен тығыз байланыста болғандар. Ауруханада карантинде жатыр. Барлығының денсаулығы қанағаттанарлық, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Қазіргі уақытта Алматыда – 19, Нұр-Сұлтанда – 25, республика бойынша коронавирус жұқтырудың 44 жағдайы тіркелген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!