63-тен асқандардың бәрі биліктен кетуі керек – сарапшы
© Сурет: zonakz.net
Есімов биліктен әрең кетті. Ендігі кезек кімдікі? Елімізде жасы жетпісті алқымдаса да, жауапты қызметте отырған шенеуніктер бар. Ерте ме, кеш пе, олар да жылы орнын босатары анық. Бірақ саясаттанушылар басқа мәселеге алаңдаулы. Ісі де сөзі де саптай саясаткерлердің ізін жалғайтын жастар аз екен бізде, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Самат Нұртаза, саясаттанушы:
Ары кетсе бір он адам бар, бүкіл мемлекеттің саясатын, бүкіл облыстардың қыр-сырын білетін.
Иә, көп емес. Бірақ Тұңғыш Президенттің кезінен көзге түсіп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа да тыңғылықты ісімен танылып жүргендер аз да болса, бар. Тізімнің басындағы Ахметжан Есімов жетпісті алқымдаған жасында зейнетке кетті кеше.
Ахметжан Смағұлұлы бүгінге дейін өзге шенеуніктердің тек түсіне ғана кіретін талай қызметтің басын қайырды. Алматы қаласының әкімі болды, бірнеше рет ауыл шаруашылығы министрлігінің тізгінін ұстады, премьер-министрдің орынбасары секілді лауазымды міндеттерді атқарды. Экспо көрмесі мен Самұрық қазынадағы қызметі өз алдына.
Есенжол Алияров, саясаттанушы:
Ахметжан Смагулович 70-ке келіп кетіп жатыр. Кейбіреулері 63 жаста кетіп жатыр. Кейбір чиновниктар 68-ге келсе де кетпей жатыр.
Бердібек Сапарбаев. Осы жылдың 9 ақпанында 68 жасқа толғанын білеміз. Қазіргі Жамбыл облысының әкімі Пайғамбар жасына келгенде Нұрсұлтан Назарбаев оның өкілеттілігін 4 жылға ұзартқан еді. Ол мерзім бір ай бұрын өтіп кетсе де, шенеунік әзірге жылы орнын суыта қойған жоқ.
Самат Нұртаза, саясаттанушы:
Әкім бар мықты ия, былай айтайықшы енді. Ол Өмірзақ Шөкеев, Бердібек Сапарбаев, Амандық Баталов және Даниял Ахметов. Ол бір-бірлеп әрине уақыт өте кетеді.
Есенжол Алияров, саясаттанушы:
Сұрақтар туындайды. Неге олай? Біреулерді жұмыс істете береді. Біреулерді кетіреді. Менің ойымша бізде тәртіп қабылданса, заң қабылданса, біздің Қазақстанда 63 жастан кейін мемлекеттік қызметтен кету керек десе, ол заң бәріне бірдей болуы керек.
Кетуін кетіп жатыр. Бірақ кімді сөзге тартсақ та, сол алдыңғы толқынның орнын басатын білікті кадрлердің атын атап, түсін түстеп бере алмады. Аттай қалап алдырғандардың өзі көбіне көңілі қалдырып тынды, дейді.
Самат Нұртаза, саясаттанушы:
Науқан басталады. Ойбай халық жас шенеунікті, жас маманды талап етеді екен дейді де, кейде ол маманның сай келе ме, келмей ме, жасына қарамай, қойып жіберетіндер болады. Кейде ондай адамдар ақтап шығады. Кейде ақтап шықпайды. Қуандық Бишімбаев бауырымыз, болашакер өзім сияқты, өкінішке қарай ақтамады үмітті.
Ал әзірге үмітті ақтайды деп жауапкершіліктің жүгі артылып отырғандар Президенттің кадрлық резерві. Билік басына келдім екен деп кеудемсоқтыққа берілмей, ел мүддесін бірінші орынға қойыңдар деп Тоқаевтың өзі қадап айтқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:03, 3 желтоқсан 2024
Тоқаев One Water саммитінің ашылу салтанатында сөз сөйледі
-
21:53, 3 желтоқсан 2024
Бейсембаев ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықтың қысқара бастағанын айтты
-
21:30, 3 желтоқсан 2024
Тоқаев Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
-
21:07, 3 желтоқсан 2024
Қызылордада өзгенің көлігін сатып жіберген алаяқ қолға түсті
-
20:49, 3 желтоқсан 2024
Өскеменде полицейді боқтаған әйел жазаланды