+46°С дейін аптап ыстық: «Қазгидромет» 18 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды

© Сурет: unsplash
Синоптиктер 2025 жылғы 17 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Ел аумағында өте аптап ыстық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, сәрсенбі күні күндіз:
- Ақмола облысында – қатты ыстық +35…+36°C;
- Абай облысында – қатты ыстық +35…+37°C;
- Қарағанды облысында – қатты ыстық +35…+38°C;
- Павлодар облысында – қатты ыстық +35…+39°C;
- Жамбыл облысында – қатты ыстық +38…+41°C;
- Жетісу облысында – қатты ыстық +35…+38°C, солтүстігі мен оңтүстігінде – өте қатты ыстық +40°C;
- Алматы облысында – қатты ыстық +35…+39°C, солтүстігі мен батысында – өте қатты ыстық +42°C;
- Ұлытау облысында – қатты ыстық +35…+39°C, оңтүстігінде – өте қатты ыстық +42°C;
- Түркістан облысында – қатты ыстық +40…+44°C;
- Қызылорда облысында – қатты ыстық +40…+42°C, оңтүстігінде – өте қатты ыстық +46°C.
"Республиканың көп бөлігінде циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар әсерінен найзағайлы жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс, солтүстік, батыс, орталық және шығыс аймақтарда бұршақ түсуі мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз аптап ыстық ауа райы сақталады. Республиканың көптеген өңірлерінде жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі", - делінген болжамда.
Гидрометеоорталық өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейін де хабарлады:
Жоғары өрт қаупі Алматы облысында, Абай облысының батысы, солтүстігі, шығысында, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде, Жамбыл облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысы, шығысы мен оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы, орталығы мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында күтіледі.
Төтенше өрт қаупі Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарының шығысында, Атырау облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысында, Қарағанды облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігі мен солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:46, 8 шілде 2025
Алматыда полиция метро жолаушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді
-
09:37, 8 шілде 2025
Спортшыны бір спорт клубынан екіншісіне ауыстыру тәртібі өзгерді
-
09:25, 8 шілде 2025
АИТВ жұқпасын жұқтырған қазақстандық өгей қызын зорлаған
-
09:13, 8 шілде 2025
Синоптиктер Астана, Алматы және тағы үш қала тұрғындарына ескерту жасады
-
09:03, 8 шілде 2025
Үкімет бірінші жартыжылдықтағы инфляцияның қорытындысын шығарды