28,5 млн теңгенің бидайы мен 11 млн теңге қарыз: кәсіпкерге сот үкімі шықты
© Фото: akorda.kz
Жітіқара аудандық сотында "Эклипс-Агро" ЖШС директорының ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 6 қарашада Қостанай облысының прокуратурасы мәлімдеді.
"Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот оны кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған 6 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырды", – делінген прокуратура хабарламасында.
Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылғы қазанда "Эклипс-Агро" ЖШС директоры шаруа қожалығына тиесілі құны 28,5 млн теңге болатын 352,56 тонна бидайды алған.
Кейін астыққа қатысты құжаттар "Эклипс-Агро" ЖШС атына қайта рәсімделіп, бидай меншік иесінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға сатылған.
Бұдан бөлек, компания үш тасымалдаушыға көрсетілген көлік қызметі үшін жалпы сомасы 11,1 млн теңге төлемеген.
"Қорғау тарапы екі тараптың арасында бірлескен шаруашылық қызмет болғанын алға тартты. Алайда прокурор бірлескен қызмет туралы шарттың және өзгенің астығына билік ету құқығын растайтын құжаттардың жоқ екенін көрсетті", – деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ашық дереккөздердегі мәліметке сәйкес, "Эклипс-Агро" ЖШС директоры – Спартак Асадуллин.
2025 жылғы 24 желтоқсанда Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде Қостанай облысының әкіміне арналған үндеу жарияланған. Онда кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмысшылар "Эклипс-Агро" ЖШС мен оның директоры Спартак Асадуллинге қатысты жағдайға назар аударуды сұраған.
Үндеу авторлары "Сулпинов Д.А." шаруа қожалығы мен басқа да шаруашылықтардың бидай өнімін аса ірі мөлшерде ұрлау және өзге де заңбұзушылықтар туралы мәлімдеген. Сондай-ақ олардың айтуынша, Асадуллин егінді тасымалдау және маусымдық дала жұмыстарына бірнеше рет тартқанымен, атқарылған жұмыс үшін ақы төлемеген.
Айта кетейік, 2026 жылғы 4 қарашада қазақстандық әйел мұраға қатысты дау бойынша Қарағанды қаласының әкіміне қарсы сотқа талап арыз бергені белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:06, 6 қараша 2026
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бақ сынайды
-
11:39, 6 қараша 2026
Алматы-Қорғас және тағы екі тасжолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі
-
11:25, 6 қараша 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы – 6 қараша
-
11:18, 6 қараша 2026
Қазақстанда сақтандыру ережелері өзгерді: жаңашылдықтар кімдерге қатысты
-
10:54, 6 қараша 2026
37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады





