75 млн теңгені қалтасына баспақ болған «Алматы Су» компаниясының директоры бас бостандығынан айырылды

© Фото: Zakon.kz
Прокуратура "Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментініңдиректорына қатысты үкімге шағымданды. Оған 75 миллион теңгені жымқырмақ болғаны үшін жаза күшейтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Антикор ақпаратына сүйенсек, 2025 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласының Бостандық аудандық соты "Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментініңдиректоры М. Жолдыбаевтың үкімін жариялады.
Ол орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аудару сылтауымен кәсіпкерден 75 млн теңгежымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
Жолдыбаевқа5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Алайда, агенттіктің 2025 жылғы 26 наурыздағы ақпаратына сүйенсек, қадағалаушы прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық сотының сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді.
Осылайша:
"Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды".
Сот залында сотталған адам қамауға алынды.
Үкім заңды күшіне енді.
Бұған дейін Павлодар облысында жылдамдық режимін бұзған 21 мыңнан астам жүргізуші жазаланғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:42, 25 сәуір 2025
Қазақстанның тасымалдау нарығына жаңа әуе компаниясы кіреді
-
13:34, 25 сәуір 2025
Елімізде заңсыз алтын өндірумен айналысқан 5 кәсіпорын анықталды
-
13:26, 25 сәуір 2025
Ақмолада «жалған» кәсіпкер танысын сан соқтырып кеткен
-
13:16, 25 сәуір 2025
ІІМ-де полицияның қызметтік үй-жайларының мөлшері бекітілді
-
13:05, 25 сәуір 2025
Мемлекет басшысы UEFA президентін қабылдады