Тоқаев пен Мирзиеев бейресми кездесу өткізді
© Фото: zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманның Алматыға сапармен келгеніне ризашылық білдіріп, мұндай бейресми кездесулер жақсы дәстүрге айналғанын айтты.
– Бұл – бауырлас, достас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмысты іскерлік сипатта тағы бір талқылауға орайлы сәт. Біз – одақтас елдерміз. Екі ел арасындағы ықпалдастық тұтас Орталық Азия өңіріндегі жағдайға тікелей әсер етеді, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы бауырлас халықтарды жақындастыруға, аймақтың орнықты және қауіпсіз дамуындағы ортақ мақсаттарды ілгерілетуге Шавкат Мирзиеевтің зор үлес қосқанын атап өтті.
Өзбекстан Президенті екіжақты байланыстарды нығайтуды көздейтін бүгінгі кездесудің маңызына тоқталды.
– Мені өзіңіздің туған жеріңіз, атап айтқанда, Алматы қаласында достық пейілмен, екі халықтың дәстүріне сай ілтипатпен қарсы алып жатқаныңызға рақмет. Өзімнің және халқымның атынан ризашылығымды білдіремін. Соңғы жылдары қарым-қатынасымыз мүлдем жаңа деңгейге көтерілді. Біз – одақтаспыз. Өзара сыйластығымыздың арқасында көптеген мәселе шешімін тауып келеді, екеуара уағдаластықтардың барлығы іске асырылып жатыр. Нақты нәтижелер бар. Сізді Қазақстанның зор табыстарға жетуімен құттықтаймын. Экономикаларыңыз дамып келеді, жетістіктеріңіз жоғары. Бірінші тоқсанды 5,4 пайызбен қорытындылап отырсыздар. Бүгінгі кездесуіміздің сипаты ресми болмаса да, мен үлкен құраммен келдім. Дегенмен әрбір осындай бейресми жүздесулер біздің байланыстарымызға, барлық келісімдеріміздің орындалуына тың серпін береді, – деді Шавкат Мирзиёев.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, энергетикалық, су шаруашылығы, өнеркәсіп кооперациясы және туризм салаларындағы өзара ықпалдастықтың перспективасын жан-жақты талқылады. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылды.
Кездесу соңында президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:17, 2 сәуір 2025
Алматыда заңсыз стационарлық емес сауда нысандарын сүру жалғасуда
-
12:09, 2 сәуір 2025
Помпейдегі зиратта екі адамның мүсіні табылды
-
11:53, 2 сәуір 2025
Беларусьтен келген автоблогердің жанжалды видеосынан кейін полиция қызметкерлері жұмыстан қуылды
-
11:37, 2 сәуір 2025
Арнайы операция: Адам өміріне қауіп төндіретін заңсыз темекі өнімдерінің ірі партиясы тәркіленді
-
11:22, 2 сәуір 2025
Астана және Алматы айырбастау пункттеріндегі 2 сәуірдегі валюта бағамы
Танымал жаңалықтар
-
14:43, 1 сәуір 2025
-
13:03, 1 сәуір 2025
-
14:57, 1 сәуір 2025
-
12:50, 1 сәуір 2025
-
13:15, 1 сәуір 2025
-
17:07, 1 сәуір 2025
-
14:20, 1 сәуір 2025
-
16:53, 1 сәуір 2025
-
20:03, 1 сәуір 2025
-
15:48, 1 сәуір 2025
-
13:37, 1 сәуір 2025
-
15:10, 1 сәуір 2025
-
18:41, 1 сәуір 2025
-
16:05, 1 сәуір 2025
-
17:24, 1 сәуір 2025