Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: жаңа мәліметтер белгілі болды
© Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев бастаған үкіметтік комиссия Т.Рысқұлов ауданындағы зардап шеккен тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды аралап шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңатұрмыс ауылында аймақ басшысы комиссиямен бірге 5 үйді аралап, жағдайын бағамдады. Ауыл тұрғындарымен әңгімелесу барысында Ербол Қарашөкеев үйлері зардап шеккен тұрғындарға атаулы көмек көрсетілетінін айтты.
Ауыл мектебі ғимаратының да бүлінген жерлері анықталды. Облыс әкімі балаларға қолайсыздық туғызбас үшін қалпына келтіру жұмыстарын жедел бастау міндетін қойды.
"Залалды бағалау және бүлінген мүлікті қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілетін болады. Құрамына облыс әкімдігінің, сейсмологиялық бақылау және зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының, сондай-ақ түрлі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері кіретін жұмыс тобы құрылды", - делінген хабарламада.
Меркі және Т.Рысқұлов аудандарының ауылдық елді мекендерінде комиссия мүшелері ғимараттар мен тұрғын үйлерді аралап, жай-күйін көзбен көріп, техникалық тексеру жүргізеді.
Кейінгі мәліметтер бойынша екі ауданда 17 әлеуметтік нысан бүлінген. Оның ішінде 11 білім беру, 2 - денсаулық сақтау, 2 - әлеуметтік қорғау, 1 - спорт және 1 - мәдениет нысаны бар.
Ауылдық округ әкімдіктеріне тұрғындардан баспаналарға зақым келгені туралы 104 арыз-шағым түскен. Тұрғын үйлерді тексеру жалғасуда, шығын көлемі анықталып жатыр.
Аралау және атқарылған жұмыстардың қорытындылары облыстық жедел штабтың отырысында талқыланды.
Қазіргі уақытта облыстағы жағдай тұрақты. Зардап шеккендер жоқ. Әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарындағы, жол коммуникациялары, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жағдай облыс басшылығының ерекше бақылауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:39, 2 сәуір 2025
Америкалық сенатор мінберден 25 сағат бойы сөйледі
-
16:25, 2 сәуір 2025
Алматыда жүк көлігі баланы қағып өлтірді
-
16:17, 2 сәуір 2025
Қазақстанда жаңа айыппұл пайда болуы мүмкін
-
16:08, 2 сәуір 2025
ІІМ мектептер мен балабақшаларда күзеттің күшеюінің себебін түсіндірді
-
15:45, 2 сәуір 2025
Сәуірдің 2-сі күнгі сауда-саттықта доллар біршама төмендеді
Танымал жаңалықтар
-
17:07, 1 сәуір 2025
-
20:03, 1 сәуір 2025
-
16:53, 1 сәуір 2025
-
17:24, 1 сәуір 2025
-
18:41, 1 сәуір 2025
-
22:20, 1 сәуір 2025
-
19:00, 1 сәуір 2025
-
22:10, 1 сәуір 2025
-
22:59, 1 сәуір 2025
-
22:26, 1 сәуір 2025
-
19:24, 1 сәуір 2025
-
22:20, 1 сәуір 2025
-
19:43, 1 сәуір 2025
-
21:37, 1 сәуір 2025
-
16:44, 1 сәуір 2025