110 млн теңге және 16 дроппер: Алматыда заңсыз казино желісі әшкереленді
© Фото: unsplash
Алматыда қызметіне шетел азаматы да белсенді араласқан заңсыз интернет-казинолардың жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі 2026 жылғы 8 қыркүйекте күдіктілердің Olymp Casino, Rukh Poker және 7Kcasino интернет-казиноларының төлем инфрақұрылымын ұйымдастырғанын хабарлады. Олар Rocket.do онлайн-платформасы арқылы ақшаны қабылдап, өңдеумен айналысқан.
"Қылмыстық схемаға қатысушылардың бірі шетел азаматы болған. Ол 200 долларға дейінгі сыйақы үшін банк шоттарына қол жеткізуге келісетін адамдарды іздеген. Табылған дропперлерді Қазақстанға әкеліп, ЖСН рәсімдеу үшін ХҚКО-ға, кейін банк шоттарын ашу үшін банк бөлімшелеріне ертіп барған. Нәтижесінде күдікті 15 шетел азаматының банк шоттарына қол жеткізіп, өзінің шотын да пайдалануға берген", – деп хабарлады ҚМА.
Ойыншылардан 16 дроппердің шотына түскен қаражаттың жалпы көлемі 110 млн теңгеден асты.
Күдіктілердің бірі қамауға алынды. Тағы үшеуіне ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Бұған дейін, 2 қыркүйекте, Үкімет казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды орналастыруға рұқсат етілетін аумақтарды белгілегені хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:54, 10 қазан 2026
Өскеменде үш ер адам ҚАЖ мекемесіне күмәнді түйіншек лақтырмақ болған
-
16:02, 10 қазан 2026
Алматы облысында 10 жылдан бері жол салуға кедергі болған мәселе шешілді
-
15:40, 10 қазан 2026
Қазақстанда германиялық туристер қиындыққа тап болды
-
15:08, 10 қазан 2026
Түркияда балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына бақылау күшейтіледі
-
14:36, 10 қазан 2026
Рыбакина Алматыны сүйікті қалаларының бірі деп атады





