25 маусымда Қазақстанның екі өңірінде аптап ыстық болады

17:45, 24 маусым 2025

© Сурет: unsplash

Синоптиктер 2025 жылғы 25 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. Олардың мәліметінше, ел аумағында жаңбырмен қатар аптап ыстық та болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенсек, сәрсенбі күні күндізгі уақытта аптап ыстық болады:

  • Алматы және Жетісу облыстарында – +35…+39°С дейін;
  • Жамбыл облысында – +38°С дейін;
  • Түркістан облысының батысы мен шөлді аймақтарында – +41°С дейін.

Сондай-ақ Алматы облысының солтүстігі, батысы, орталығында және Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз +42°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

"Республиканың басым бөлігінде циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, батыс, солтүстік-батыс, шығыс пен орталықта нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Ел аумағында жел күшейеді. Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Сонымен қатар, гидрометорталық келесі өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі бар екенін ескертті:

Жоғары өрт қаупі:

• Абай облысының орталығы, Павлодар облысының оңтүстік-шығысы, Ақмола облысының солтүстік-батысы, Жамбыл облысының оңтүстігі мен солтүстігі, Батыс Қазақстан облысының батысы мен шығысы, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі, Атырау облысының солтүстігі, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі.

Төтенше өрт қаупі:

• Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, Қарағанды және Ұлытау облыстарының батысы, шығысы, оңтүстігі, Ақтөбе облысының батысы, шығысы, орталығы мен оңтүстігі, Атырау облысының орталығы, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығы, Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігі, Жетісу облысының солтүстігі, шығысы мен орталығы, Абай облысының батысы, солтүстік-батысы мен оңтүстігі, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!