24-26 мамырда Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады
© Фото: unsplash
2025 жылдың 24-26 мамыры аралығында Астанаға аяз қайтады, Алматыда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, Шымкентте қатты ыстық сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары ұсынған болжамда айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласының ауа райы болжамы
24 мамырда: құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +15+17°С.
25 мамырда: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +13+15°С.
26 мамырда: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°C, топырақ бетінде -2°C аяз, күндіз +12+14°C.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
24 мамырда: құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ. Батыстан солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, түнде екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +25+27°С.
25 мамырда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С.
26 мамырда: құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +20+22°С.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
24 мамырда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +28+30°С.
25 мамырда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С.
26 мамырда: құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +29+31°С.
Бұған дейін синоптиктер солтүстік антициклон Қазақстанға суық түндер әкеледі деп хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:09, 19 желтоқсан 2025
Альпі тауының етегінде салынатын зәулім ғимарат жобасы таныстырылды
-
12:57, 19 желтоқсан 2025
Пандемия басталуы мүмкін: вирусологтар жаңа кезеңге дайындалуда
-
12:44, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір күнде екі тұрғын суицид жасады
-
12:39, 19 желтоқсан 2025
ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
-
12:24, 19 желтоқсан 2025
Елордада полицейлер тұрғынның көлігінен ірі көлемде гашиш тәркіледі





