30 қыркүйектегі саудада доллар бағамы сәл көтерілді

15:36, 30 қыркүйек 2022

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 476,71 теңге (+0,07) болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 8,30 теңгеге (+0,06) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 67,13 теңге (+0,63) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 462,2 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 476,5-480 теңгеге, еуро 465-470 теңгеге, рубль 7,25-7,6 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.

Ал әлемдік мұнай бағасы 30 қыркүйектегі саудада төмендеді.

Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны 0,63%-ға арзандап, барреліне 87,93 доллар болды.

Қараша айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,5%-ға төмендеп, барреліне 80,82 доллар болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!