24 қыркүйек күні Астанада қандай жолдар жабық болады

09:35, 24 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Елордада 24 қыркүйек күні бірқатар жолдар бойында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Астанада:

2 қазанға дейін Сарыарқа даңғылынан бастап К. Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде С. Сейфуллин көшесі ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады.

Сондай-ақ, 27 қыркүйекке дейін "Астана айналма жолы" (46-53 км) Р-10 Автомобиль жолының учаскесінде қозғалыс шектелген.

Бұған дейін Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтетіндігін хабарладық.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!