11 қазандағы саудада доллар күрт төмендеді

15:43, 11 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 11 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,37 теңгеге төмендеп, 487,37 теңгені құрады.

Қытайдағы мерекеге байланысты юаньмен сауда жүргізілмеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 484,5-488,5 теңгеге, еуро 530-534,5 теңгеге, ресей рублі 5-5,15 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 11 қазандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында желтоқсан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,71%-ға төмендеп, барреліне $78,83 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының қарашадағы фьючерстері 0,71%-ға арзандап, барреліне 75,31 долларды құрады.

Осы аптаның басынан бері жоғары құбылмалылығымен сипатталатын Brent маркалы мұнай 1,66%-ға, WTI 1,26%-ға қымбаттады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 490,84 теңге, еуроны 536,88 теңге, рубльді 5,04 теңге деп белгіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!