16 қазанда телерадио хабар тарату жұмысы уақытша тоқтатылады

16:17, 15 қазан 2019

16 қазанда жоспарланған профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қазтелерадиода хабарлады.

- 2019 жылдың 16 қазанында сағат 03:00-ден 17: 00-ге дейін жерсеріктік, жер үсті сандық, аналогты теледидар және радио тарату желілерінің жабдықтарында жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, жұмыс уақытында бүкіл Қазақстан бойынша телерадио арналарын қайта таратуды уақытша тоқтата тұру жоспарланған, делінеді сейсенбі күні таратылған хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!