+5%: Қазақстандық кейбір зейнеткерлерге ақжолтай хабар мәлімденді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 6 қаңтарда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алып жүрген зейнеткерлерге жағымды жаңалық хабарланды. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Ақжолтай хабарды "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметі жеткізді.
"2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдерін бұрыннан алып жүрген зейнеткерлер үшін 5 пайызға ұлғаяды".
Қор БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылатындығын еске салды.
"Аталған әдістемеге сәйкес, зейнетақы төлемдерін алғаш рет ала бастайтын азаматтар үшін ай сайынғы төлем мынадай тәртіппен есептеледі: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын төлеу мөлшерлемесі — 6,5 пайызға көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы төлем мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне сәйкес 5 пайызға арттырылады",- делінген ақпаратта.
Осылайша, БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) кемінде 70 пайызына тең. 2026 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.
Ал ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең жоғары мөлшері шектелмейді және ол алушының зейнетақы жинақтарының көлеміне тікелей байланысты.
Әдістемеде төменде көрсетілген санаттарға жататын азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу кезінде қолдануға болатын арттырушы түзету коэффициенттері көзделген:
- мерзімсіз уақытқа белгіленген I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде 60 ай төленген және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар.
Егер азамат жоғарыда көрсетілген екі талапқа бірдей сәйкес келсе, ең жоғары мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.
"Осылайша, зейнетақы төлемдерінің мөлшері тұрақты түрде аударылатын зейнетақы жарналары мен жинақталған инвестициялық кіріс есебінен қалыптасатын зейнетақы жинақтарының көлеміне тікелей тәуелді. БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер жеке зейнетақы шотындағы қаражат толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Жеке зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылатындықтан, олар азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады",- деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздікте қандай бұзушылықтарға жол бергені белгілі болғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 7 қаңтар 2026
«Қайрат» сапынан негізгі құрамдағы екі ойыншы кетті
-
17:33, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
16:58, 7 қаңтар 2026
Талдықорғанда түтінге толған үйден жеті бала құтқарылды
-
15:58, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда Қазақстанның қай өңірлерінде жауын-шашын түсіп, боран соғады
-
15:30, 7 қаңтар 2026
ШҚО-да полицейлер жүргізушілерді қар құрсауынан құтқарды





