28 қарашадағы түскі саудада доллардың өсуі жалғасты

15:51, 28 қараша 2022

© Сурет: pixabay

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,57 теңгеге көтеріліп, 467,99 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 64,84 теңгені құрады.

Еуро мен Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 483,58 теңге, рубльді 7,69 деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 466-469 теңге, еуро 483-490,5 теңге, ресей рублі 7,28-7,43 теңге аралығында сатылуда.

Ал 28 қарашадағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, Brent маркалы мұнайдың қаңтар фьючерстерінің құны 2,77-ге төмендеп, барреліне 81,31 долларды құрады.

Қаңтардағы WTI фьючерстерінің бағасы барреліне 3,03%-ға арзандап, 73,97 долларды құрады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!