31 қаңтардағы саудада доллар қымбаттады

15:35, 31 қаңтар 2023

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,64 теңгеге көтеріліп, 460,51 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 68,15 теңге (-0,05) болды.

Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 501,31 теңге, рубльді 6,62 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 459,5-463 теңге, еуро 496-502 теңге, ресей рублі 6,2-6,42 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал 31 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 0,76%-ға арзандап, барреліне 83,86 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында наурыз айындағы WTI фьючерстері 0,85%-ға төмендеп, барреліне 77,24 доллар болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!