+40°C: «Қазгидромет» сейсенбіде қай өңірлерде аптап ыстық болатынын айтты
© Сурет: pixabay
Синоптиктер 2025 жылдың 24 маусымында +40°C-ге дейін қатты ыстық болатын Қазақстанның өңірлерін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, сейсенбіде түстен кейін бес өңірде аптап ыстық болады деп болжануда:
- +40°C-ге дейін - Жамбыл облысында, Түркістан облысының батысында, шөлейтті аудандарында,
- +35 + 38°C дейін - Алматы облысында, Жетісу облысында, Абай облысының оңтүстігінде.
"Республикамыздың басым бөлігінде циклонның және соған байланысты пайда болған атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, шығысында нөсер жаңбыр жауады, батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ түседі деп күтіледі. Республикамыз бойынша тіркелетін ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады", делінеді ауа райы болжамында.
Сондай-ақ, гидрометеорологиялық орталық төтенше қауіптер бойынша ақпаратпен де бөлісті:
- жоғары өрт қаупі - Абай облысының орталығында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, Атырау өңірінің солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде;
- төтенше өрт қаупі – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Атырау облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:57, 1 мамыр 2026
Филиппинде 37 жыл бойы жасырынып жүрген АҚШ азаматы ұсталды
-
15:16, 1 мамыр 2026
Сенсациялық жаңалық: Норвегияда викингтер дәуіріне тиесілі ең ірі қазына табылды
-
14:43, 1 мамыр 2026
Синоптиктер сенбі күні Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр мен найзағай болатынын болжады
-
14:15, 1 мамыр 2026
Ұлттық ұланда 30 түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді
-
14:06, 1 мамыр 2026
«Сұңқар» зымыран-тасығышы Байқоңырдан алғаш рет ұшырылды





