Жаңа жылды қай халық қалай қарсы алады?

14:09, 31 желтоқсан 2016

Болгарияда

Болгарияда сағат тілі 12-ні соққанда барлық үйде жарық сөне бастайды. Сол кезде әркім көңілі қалаған адамымен 3 минут бойы сүйседі екен. Дастарқанға міндетті түрде самса қойылады екен.

Венгрияда

Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгрлер құстардың барлығын “Бақыт құсының” туыстары деп есептейді екен.

Италияда

Итальяндықтар ескі жылдың соңғы сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкіммен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа жылдың алғашқы түнінде үйлеріндегі сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына шығарып тастайды екен.

Оңтүстік Америкада

Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны ескі жылдың символы ретінде далада жағылған отқа өртеп жібереді.

Франция

Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға құмар келеді екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай кетерінде сыйлықтар береді екен.

Үндістан

Үндістанда Жаңа жыл - Дивали жарық пен оттар мерекесі деп аталады екен. Айтса айтқандай осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұран бірден-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар көшеге шығып жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып көркемдейтін көрінеді.

Еврейлер

Дивали мерекесі еврейлердің Жаңа жыл - Рош Хошан қазан, қараша айларында тойланады. Бұл күні адамдар алма мен нанға бал жағып жейді. Бұл жаңа жылда өміріміз балдай тәтті болсын дегені. Жаңа жыл таңы діндарлардың қойдың мүйізінен жасалған труба арқылы адамдарды синагогқа құдайдың алдында өткен жылда жасаған кемшіліктері, күнәлары болса кешірім сұрауға шақырудан басталады. Осыдан кейін Жаңа жылды күнәдан тазарып, жаңадан бастауға мүмкіндік туады.

Голландия

Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Бұл тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді.

Финляндия

Финляндияда Жаңа жыл кешінде тұрмыс құрмаған бойжеткендер кебістерін иықтарынан асыра лақтырады, кебіс есікке тұмсығымен тисе, сол жылы жолы болып, сол жылда тұрмысқа шығады деп есептеген.

Бирма

Бирмада Жаңа жылда да күн ыстық болып тұратындықтан, адамдар бір-бірінің үстеріне су шашып құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті-басы су болған адамдарды жиі ұшаратуға болады.

Гвинея

Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала би билеп, ән салатын көрінеді.

Куба

Кубада сағат 12-ні соққан кезде, әркім 12 түйір жүзім жейді екен.

Қазақстан

Қазақстанда жыл басы мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар жұмыс істемейді, сапарға шықпайды ,кір жумайды, ешкімді ренжітпейді. Барлық үйде мерекелік дастарқан жайылады. Бұл күні күн мен түн тенеседі.

Қытай

Қытайда Жаңа жыл мерекесі көшеде барабандар, темір тәрелкелер соғылып, фейерверктер атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға туралған нарцис гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы мен ақпан айының басына келеді.

Ұлыбритания

Ұлыбритания алғаш ашық хаттарды (открытка) шығарған ел болып есептеледі. Сондықтан да Жаңа жылда осы елдің әр жанұясы таныстарын ашық хат арқылы құттықтағанды ұнатады.


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!