Сәлем – сөздің анасы
Сәлем сөздің – анасы. Қазақ халқында сәлемдесу дәстүрі ерекше құрметтің, ілтипаттың белгісі. Сәлемдесудің өз әдебі, жөн-жосығы бар. Әр халықтың сәлемдесуі әртүрлі.
Жапондардың амандасу салтында үш түрлі рәсім бар. Төмен, орташа және жеңіл иілу. Жапон жастары ұстазын немесе үлкен адамды бірінші кездестіргенде, оған орташа иіліп сәлем береді. Сол күні екінші мәрте жолықтырса, жеңіл иіліп сәлемдеседі.
Орта Азия халықтарында сол жақ төсін басып, кеудесін иіп амандасу қалыптасқан. Үнділер екі алақанды біріктіріп, маңдайға тигізіп, бас иіп сәлемдеседі. Тибет халқы тіл шығарып амандасады екен.
Сәлемдесу әдебінің өзіндік ерекшеліктері немесе ережелері бар.
1. Жасы кіші адам міндетті түрде үлкендерге бірінші болып амандасады.
2. Сырқат адамға сау кісі бірінші амандасады.
3. Атта отырған адам жаяу адамға бірінші сәлем береді.
4. Көпшілікке ат үстінде отырып амандасуға болмайды. Аттан түсіп сәлемдесу керек. Бүгінгі таңда ат орнына автокөлік немесе велосипед те кіреді.
5. Алғашқы кездесу барысында ер адамдар қол алысып қана амандасса, қыздардың бас изегені дұрыс.
6. Сәлемдескенде орнынан тұрып, ізет білдіру – сыпайылықтың белгісі.
Осы секілді сәлемдесудің салтын біліп алғанның артықшылығы жоқ. Сәлемдесу өткінші емес, өмірлік әдеп.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 12 ақпан 2026
Booking платформасы әлемдегі ең қонақжай қалалардың тізімін жасады
-
14:33, 21 қаңтар 2026
Дене салмағының қалыпты деңгейі қатерлі ісік қаупін азайтады - дәрігер кеңесі
-
12:06, 20 қаңтар 2026
Археологтар 40 мың жыл бұрынғы құпия үңгірді тапты
-
13:42, 16 қаңтар 2026
Үнді мұхитынан жыланның жаңа түрі табылды
-
12:25, 15 қаңтар 2026
Лох-Несс құбыжығын іздеген зерттеуші 52 жылдық ізденістен кейін мәлімдеме жасады





