Кімдерді дос тұту керек?
Ертеде бір қарапайым тігінші өмір сүріпті. Қартайған шағында үнемі қасынан шықпайтын немересіне үлкен бір даналық тәрбиесін бергісі келген екен.
Тігін тігуге кіріскен кезінде өте қымбат тұратын үлкен қайшысын алып матаны ұсақтап кесе бастайды. Болған соң қайшыны аяғының астына лақтыра салады да, ине алып кескіленген маталарды бір-біріне қосып тіге бастайды. Болған соң инені алып басындағы бас киіміне әдемілеп қыстырып қояды.
Әлгіден бері бұл көрініске таңғала қарап отырған немересі шыдай алмай:
– Неге ана қымбат қайшыны лақтыра салдыңыз да, болмайтын бір инені әспеттеп, басыңызға қадап қойдыңыз? - дейді.
Сонда атасы:
– Қайшы әп-әдемі матаны кескілеп, бөлшектеп тастайды. Ал ине кішкентай, әлсіз болғанына қарамай, бөлінген бөлшектердің басын қосуға тырысады. Содан соң олардан әдемі киімдер шығарады.
Балам! Қандай биік деңгейден көрінсе де ешуақытта бөліп-бөлшектеуге, бірлікке сына қағып, сызат түсіруге ұмтылып жүргендердің дәрежесін көтеріп, оларға болыспа. Керісінше, әлсіз болса да бірлікке шақырып, ауызбіршілікке жұмылдырып жүргендердің абыройын арттырып, демеп-көтермелеп, қасынан табыл! - деген екен қарт.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:42, 12 наурыз 2025
TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін жаңа функцияларды іске қосады
-
11:04, 19 ақпан 2025
Telegram-да жаңа функция пайда болады
-
13:51, 15 қаңтар 2025
WhatsApp-та 4 бірдей жаңа функция пайда болды
-
16:24, 30 желтоқсан 2024
Жаңа жыл күні жерде магниттік дауыл болады
-
11:34, 23 желтоқсан 2024
Вирустық ауруларды емдеуде ғалымдар серпіліс жасады
Танымал жаңалықтар
-
22:48, 27 наурыз 2025
-
20:18, 27 наурыз 2025
-
21:06, 27 наурыз 2025
-
22:09, 27 наурыз 2025
-
20:40, 27 наурыз 2025
-
21:46, 27 наурыз 2025
-
23:11, 27 наурыз 2025
-
19:58, 27 наурыз 2025
-
20:09, 27 наурыз 2025
-
19:45, 27 наурыз 2025
-
09:14, 28 наурыз 2025
-
10:27, 28 наурыз 2025
-
10:08, 28 наурыз 2025
-
10:19, 28 наурыз 2025
-
11:26, 28 наурыз 2025