Ғалымдар Жер бетінде 41 мың жыл бұрын болған «табиғи апат» қайталануы мүмкін екенін айтып, дабыл қағуда
© Сурет: pixabay
Шамамен 41 мың жыл бұрын Жер планетасы нағыз апокалипсиске ұқсас жағдайдың алдында тұрған. Сол кезде Жердің магнит өрісі дерлік жойылып, ғарыштық сәулелену күшейген. Бұл — генетикалық мутацияларға, тері ауруларына және өлім-жітімінің артуына себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Unión Rayo басылымының жазуынша, бұл кезең ғылымда "Лашамп оқиғасы" (Lašamp excursion) деген атаумен белгілі. Сол уақытта Жер ғарыштық радиациядан табиғи қорғанысынан айырылып, магнит өрісі уақытша құлдыраған.
Бірнеше мың жыл бойы Жердің магнит өрісінің күші қалыпты деңгейдің 10 пайызынан да төмен түсіп, ғаламшар ғарыштық сәулелерге толық ашық қалған.
Сол кезеңде әдетте тек полюстер маңында байқалатын солтүстік шұғыласы (аврора) орта ендіктерге дейін жеткен – тіпті Жерорта теңізі аймағынан да байқалған. Бұл радиация тірі ағзаларда генетикалық өзгерістер туғызып, тері ауруларының және өлім-жітімнің көбеюіне алып келген.
Science Advances журналының мәліметінше, сол уақытта біздің ата-бабаларымыздың кейбір қауымдары үңгірлерге жасырынған, ал басқалары күн сәулесінен қорғану үшін киімдерін жетілдірген.
Адамдар бұл дағдарыстан аман қалып қана қоймай, мәдени тұрғыда дамыды: үңгір суреттері, ритуалдар және алғашқы символикалық ойлау түрлері сол кезеңде пайда болды.
Ғалымдар атап өткендей, соңғы екі ғасырда Жердің магнит өрісі айтарлықтай әлсіреді, сондықтан сарапшылар бұл құбылыс жаңа геомагниттік күйреудің немесе тіпті полюстердің ауысуының бастамасы болуы мүмкін деп алаңдап отыр.
Бұған дейін ғалымдардың әлемдегі ең үлкен өрмек торы тапқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:03, 12 қаңтар 2026
Ғалымдар әлемдегі ең ірі бауырымен жорғалаушыны тапты, ол көп күш жұмсамай-ақ мұхитты кезіп өте алады
-
14:41, 8 қаңтар 2026
Ғалымдар құрлықтардың неге Жердің бір жағына «топтасып» тұрғанын анықтады
-
16:45, 3 қаңтар 2026
Стилист қысқы мезгілде шаш күтімінің құпияларын ашты
-
10:13, 3 қаңтар 2026
Дубай шоколады – 2025 жылдың ең көп сатылған тәттісі
-
09:31, 3 қаңтар 2026
2026 жылы жүзеге асатын әлемдегі ең ірі сәулет жобалары аталды





