Ғалымдар қазір әлемнің қандай күйде екенін талдап көрсетті
© Сурет: pixabay
Сеулдегі (Оңтүстік Корея) Йонсэ университетінің ғалымдары Ғаламның кеңеюі баяулап, бұрынғыдай үдей түспейтінін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зерттеу нәтижелері Monthly Notices of the Royal Astronomical Society журналында жарияланды.
Астрофизиктердің пайымдауынша, болашақта Әлем "үлкен сығылу" кезеңіне өтуі мүмкін – бұл "Үлкен жарылыстың" кері процесі. Яғни, кеңістік енді ұлғаймай, керісінше, сығыла бастайды және ақырында бастапқы күйіне қайта оралуы ықтимал.
Ғалымдар шамамен 300 галактиканың жасын талдап, ерте кезеңдегі жұлдыздардың қасиеттері қазіргіге қарағанда өзгеше болғанын және олардың жарылыстары әлдеқайда әлсіз суперновалар тудырғанын анықтады. Бұл кеңею жылдамдығының уақыт өте келе баяулағанын білдіруі мүмкін.
"Біздің деректеріміз көрсеткендей, Ғалам қазірдің өзінде баяу кеңею фазасына өтті. Ал қараңғы энергия бұған дейінгі ойлағанымыздан әлдеқайда тез өзгеріп жатыр", – деді зерттеу жетекшісі, профессор Ян-Вук Ли.
Бұған дейін Жерге күшті магниттік дауылдар жақындап келетіндігін жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:21, 14 қазан 2026
16 жасқа дейінгі балалардың WhatsApp пен Telegram қолдануына шектеу қойыла ма
-
13:34, 9 қазан 2026
Ай шын мәнінде қай елдерге тиесілі екені белгілі болды
-
12:34, 4 қазан 2026
Ғалымдар ұйқы қандай жағдайда өмірге қауіпті екенін анықтады
-
16:36, 17 қыркүйек 2026
Мумия қалдықтарының жасырын қаупі анықталды
-
13:21, 16 қыркүйек 2026
Өкпе ауруын емдеуге арналған дәрі қартаю белгілерін азайтқан





