Әлемдегі ең мықты үш архитектор

18:53, 20 мамыр 2017
1527

Әлемдегі ең мықты ғимараттардың сұлбасын сызып, сәулет өнеріне жаңашылдық әкеліп жатқан жандар жетерлік. Соның ішінде күллі жұртшылықты аузына қаратып отырған арихитекторлар да бар. Бүгін біз назарларыңызға әлемдегі арихитектор шың бағындырып тұрған үш талантты жан туралы әңгімелейміз.

Харбин Опера ғимараты. "Building of the year 2016" премиясын жеңіп алған. MAD Architects

Ордос қаласындағы өнер мұражайы. (Ordos Art & City Museum) MAD Architects

Абсолют мұнарасы (Absolute Towers) | MAD Architects

"MAD architects" компаниясының негізін қалаушы Ма Янсонг  RIBA Fellowship премиясын жеңіп алған ең алғашқы қытай архитекторы. Оның жасаған еңбектері бүгінгі таңдағы ең мықты сәулет өнерінің алдыңғы қатарынан көрінуде. Пекин құрылыс университетін тәмамдаған азамат өзінің әрбір жұмысында  шығыс филососфиясын көрсетуге тырысады.

Жокей клуб. Инновация мұнарасы. (Jockey Club Innovation Tower) Zaha Hadid Architects

Тондемун дизайн плаза (Dongdaemun Design Plaza) Zaha Hadid Architects

Хайдар Әли орталығы (Heydar Aliyev Center) Zaha Hadid Architects

Заха Хадид әлемдегі ең көрнекті архитекторлардың алдыңғы қатарында. Ол 2004 жылы Притцкер премиясын жеңіп алған. Соның арқасында мұндай дәрежеге жеткен ең алғашқы архитектор әйел есебінде тарихта қалып отыр.  Оның ойлауынан туған дүниені жер шарының көптеген орнынан кезіктіруге болады. Ешкімнің идеясына ұқсамайтын туындылары Заха Хадидті әзірге тек қана алға сүйреп келеді. 

Бильбаодағы Гуггенхайм мұражайы.

Уолт Дисней атындағы концерт залы.

Лу Рувоның ми ауруларын емдейтін клиникасы. 

Фрэнк Гэридің сәулет өнерін көптеген адамдар бір қарағанда түсіне бермейді. Үлкен философиялық оймен жасалған дүниелер адамды өзіне бірден ынтық қылып қояды. Соның арқасында Фрэнк әлемдегі ең мықты архитекторлардың қатарында.

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!