Жолдың «жауы» — жүк көліктер
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Алматы қалалық филиалының қызметкерлері Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп ауыр жүк көліктерін тексеруді жалғастыруда. Әсіресе, инспекторлар шетелдік тіркеудегі ауыр көліктерді ерекше бақылауға алған. Жыл басынан бері екінші мәрте ұйымдастырылған арнайы іс-шарада жүк көліктерінің жүргізушілеріне қатысты бірнеше хаттама толтырылды. Себебі көптонналық көліктер қала көшелеріне едәуір зиян келтіреді дейді мамандар.
Алматы қаласында 3 000 шақырымнан астам жолға асфальт жабындысы төселген. Алайда жүк көліктері қозғалысының жиілеуіне байланысты жаңа жолдардың өзі ұзақ уақытқа шыдас бермей, тозып жатыр.
Айта кетейік, елімізде 80 мыңнан астам ауыр жүк көлігі тіркелген, оның ішінде 42 500-дей көлік Алматы қаласында есепте тұр. Алайда шетелден келіп, ел аумағынан өтетін жүк көліктерінің нақты есебі белгісіз. Республика бойынша жүк көліктерінің жартысынан астамы Алматыда тіркелгендіктен, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» қызметкерлері Көлік инспекциясымен бірігіп қалада тексеру жұмыстарын жиі жүргізеді.
Мамандардың айтуынша, жолдың 90%-ы жүк көліктері қозғалысынан тозған. Себебі жүк көліктері жүкті нормадан асырып тиеген, арасында салмағы 50-60 тонна болатын техниканы тасымалдағаны да бар. Соның салдарынан жаңа жол үш жылға жетпей тозады.
ЖАҰСО Алматы қалалық филиалының инженері Досжан Сұрапбергеновтің айтуынша, бұл жолы жүк көліктерін тұрақта тұрған жерінде тексеріп, талапқа сай емес көлік жүргізушілеріне ескерту жасалған. Әдетте хаттаманың басым бөлігі жүкті рұқсат етілген нормадан асырғаны үшін толтырылады екен.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 30 сәуір 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары: 1, 2 және 3 мамыр
-
15:47, 30 сәуір 2026
30 сәуірдегі саудада доллар тағы қымбаттады
-
11:56, 30 сәуір 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамдары - 30 сәуір
-
15:56, 29 сәуір 2026
29 сәуірдегі сауда қорытындысы: доллар бағамы күрт өсті
-
15:49, 28 сәуір 2026
28 сәуірдегі саудада доллар бағамы төмендеуін жалғастырды





