Жаздың бірінші айында көкөністер арзандады
Алматы. 29 маусым. 7kun.kz – Маусым айының қорытындысы бойынша мезгілдік көкөністердің бағасы едәуір төмендеді. Мамыр айынан қызанақтар 27,4%-ға, қияр 25,1%-ға, сарымсақ 12,2%-ға, пияз 2,3%-ға, картоп 0,8%-ға арзандады.
Ал орамжапырақ 13,8%-ға, сәбіз 7%-ға, қызылша 3%-ға қымбаттады.
Жеміс-жидектерге сұраныс артпаса да, банан 6,8%-ға, апельсин 4,1%-ға, кептірілген өрік 1,2% түсті. Ал алма керісінше 1,5%-ға қымбаттады.
Басқа да азық-түлік өнімдерінің бағасы арзандады: жұмыртқа 5,4%-ға, сүт 1,1%-ға. Ал тоңазытылған балық 1,3%-ға өсті.
Ал жарма мен ұн өнімдерінің бағасы бірқалыпты, тек қарақұмық қана 1,5%-ға арзандады.
Жеміс-жидектерден жаздық қайнатпа жасау мезгілі жақындаған сайын қант қымбаттай бастайды. Қазір ол 7,1%-ға өсті. Бірақ сонда да ол 2017 жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 8,7%-ға арзан.
Жазда күннің ысуынан болар, бөтелкедкгі ауыз суы 1%-ға қымбаттады.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





