Шағын және орта бизнес субъектілері 1,1 млн-ға жетті
Алматы. 1 маусым. 7kun.kz – 2018 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері 1,1 млн-ға жетті, деп хабарлайды LS.
2017 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,2%-ға өсті. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 65,1%, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі – 18,5%, шаруа немесе фермерлік шаруашылықтардың үлесі – 16,2%, орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі – 0,2% болды.
ШОК субъектілерінің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында – 183,5 мың, Алматыда – 169,6 мың, Алматы облысында – 113,2 мың, Астана қаласында – 102 мың.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, кәсіпкерлер мен фермерлік шаруашылықтардың ең аз саны Қызылорда облысында – 39,4 мың, БҚО-да – 38,6 мың және Солтүстік Қазақстан облысында – 28 мың.
Айта кетерлігі, 2011 жылдан бастап қолданыстағы ШОК субъектілерінің саны 331,5 мыңға (39,1%) артты.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





