Өндірістік салада жұмыс істейтін әйелдер марапатталды

19:07, 19 наурыз 2021

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы өндірістік салада жұмыс істейтін әйелдер арасындағы кәсіби шеберлік байқауының қорытындысын жариялады.

«Көктем шуағы» байқауына теміржол, пошта, мұнай, машина жасау, металлургия, энергетика және басқа да салалардың өкілдері қатысқан.  

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаментінің хабарлауынша байқаудың негізгі мақсаты — әйелдер арасында өндірістік кәсіптердің беделін арттыру және танымал ету, сондай-ақ мансаптық өсуді ынталандыратын мотивация жүйесін құру.

«Қор тобы қызметкерлерінің жалпы санындағы әйелдердің үлесі 28% — ды құрайды және 83 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл қордың портфельдік компанияларының өндірістік қызметінің ерекшелігін ескере отырып, ауыр физикалық еңбекпен байланысты өндірісте дәстүрлі түрде «ерлер мамандығы» басым болатын өте жақсы көрсеткіштер. Қордың компаниялар тобында мансаптық өсу үшін тең мүмкіндіктер беруге көп көңіл бөлінеді», — деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегиялық даму жөніндегі Басқарушы директоры Ләззат Боранқұлова .

Байқау ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында бірнеше кезеңде өткізілді. Байқауға Қордың әр портфельдік компаниясынан кәсіби жетістіктері, марапаттары және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 7 жылдан кем емес 5 өндірістік кәсіптің өкілдері қатысты. Финалға «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының портфельдік компаниялары ұсынған 11 қызметкер өтті.

«Мен бұл сайысқа қатысу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Мен байқаудың барлық кезеңдерінде мені қолдаған «Қазпошта» АҚ барлық әріптестеріме алғыс айтамын. Сондай-ақ жақсы өнер көрсеткен басқа мүшелерге рахмет. Біз барлығымыз күн сайын қазақстандықтардың өмірі жақсарып, жайлы бола түсуі үшін еліміздің игілігі үшін жұмыс істейміз. Біздің әрқайсымыздың жұмысымыз маңызды. Қордың бұл үлесті бағалайтыны және осындай іс-шараларды ұйымдастыратыны қуантады », — дейді, «Алматы пошта байланысы» АФ басшысы Назима Мурзатаева.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі онлайн өтті. Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Анықтама: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері ҚР Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы — Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $69 млрдты құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика салаларының кәсіпорындары кіреді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!