Маңғыстауда жел электр станциясы салынады

15:32, 23 шілде 2018
684

Алматы. 23 шілде. 7kun.kz – Бүгін облыс әкімдігінде Форт-Шевченко маңындағы жел электр станциясын салу бойынша жобаны іске асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Құжатқа Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «South Wind Power» ЖШС-нің бас директоры  С.Парцикян, және  «Horgos Jiuhe SilkBridge New Energy Co.,Ltd компаниясының өкілі Huang Cheng қол қойды.

Инвесторлар қуаты 2,5 кВт құрайтын 17 жел генераторларын орнатып, құрылыс кезеңінде 70 адам жұмыспен қамтылатынын айтты.  Инвестиция көлемі 60 млн долларды құрайды.

«Жел қондырғысының құрылысы «жасыл экономикаға» көшу, қоршаған ортаға зиян келтіретін инновациялық технологияларды жүзеге асыру болып табылады және бұл жоба электр энергиясының қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі. Түпқараған ауданында 375 гектар жердегі 42 МВт жел қондырғысының құрылысы басталады. Аталмыш жобаның құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары басталады», – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Жобаға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің орналасуы бойынша жоспар енгізілді, есеп айырысу және қаржы орталығымен сатып алу туралы келісімге қол қойылып «Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы» АҚ-мен  желілеріне қосылу туралы келісім жасалды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!