Қытай мен Еуропаны байланыстыратын Жібек жолының үштен бір бөлігі Қазақстан арқылы өтеді

22:00, 17 қаңтар 2017

Транспорттық әлеуетін күшейтуге біздің ел жалпы әуелден-ақ көңіл бөліп келеді. Салынып жатқан көлік дәліздері, төселген теміржолдар соның айғағы. Ақтау портының жүк өткізу мүмкіндігі күшейтілгенін де атап өткеніміз жөн. 

Нақты сандарға әріптесім Ердәулет Байдуллаев тоқталады. Кезек дәйекті сан айдарында.      

Ердәулет Байдуллаев, тілші

-Бірінші әрі біз үлкен табыс әкеледі деп күтіп отырған бағытымыз – тасжол. Қытай мен Еуропаны байланыстыратын Жібек жолының үштен бір бөлігі Қазақстан арқылы өтеді. Қазір соның 2 мың километрден астамы пайдалануға берілді. Осы және өзгеде халықаралық маңыздағы жолдарымыз арқылы жүк тасымалы артқандығы байқалады.  

Атап айтсақ, былтыр ол 3,5 млрд тоннаны құраған. Одан тапқан пайдамызда жаман емес. Жоспар бойынша 2020 жылы тасымал тағы 300 млн тоннаға көбейеді деп күтілуде. Жайлы жолдардың игілігін отандық кәсіпкерлерде сезе бастады. Бір ғана Орталық Азия елдерімен жасалған жылдық сауда-саттығымыз 22 млрд долларға жетті.     

Екінші бағыт – теміржол. Онымен өткен жылдың тоғыз айында 66 мың контейнер тасымалданды. Бұл негізінен Қытай мен Еуропа арасындағы алыс-беріс. Көрсеткіштер 2015 жылмен салыстырғанда екі есеге өскен. 

Мамандар: «Қарқын тағыда күшейеді», – деп отыр. Болжам бойынша контейнерлер саны 3-4 жылда 800 мыңға жетуі мүмкін.       

Ақтау теңіз портының жүк өткізу қабілеті артып, 23 миллион тоннаға жетіпті. Үкімет бұл көрсеткіштерді әледе жақсарта түспек. Сол арқылы – үздік логистикалық климаты бар 40 елдің қатарына кіру көзделуде. Қазір 160 мемлекеттің ішінде жетпісінші орында тұрмыз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!