Қыркүйекте Қазақстандағы ақша көлемі 5,3 пайызға өсті
Алматы. 24 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда ақша көлемі қыркүйекте 5,3 пайызға артып, 20,509 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Айналымдағы қолма-қол ақша көлемі қыркүйекте 0,2 пайызға (1,816 трлн теңге) дейін төмендесе, қаңтар-қыркүйекте 3,9 пайызға өскен.
Тар ақша базасы (Ұлттық банктегі екінші деңгейдегі банктердің мерзімді депозиттерін есептемегенде) 12,3 пайызға (қаңтар-қыркүйекте — 18,3% ) өсіп, 5,669 трлн теңгеге дейін жетті. 2017 жылдың 9 айында ақша көлемі 3 пайызға көбейген.
Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан жаңа ақша-несие саясатына өтті. Теңге еркін айналымға жіберіліп, ұлттық валютаның айырбас курсы нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып ұсынылатын болды.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





