Қазақстандағы ең табысты бизнес салалары қандай?
Бизнестің табыс құпиясы өте қарапайым. «Ол — дұрыс таңдалған бағыт», – дейді 7kun.kz сарапшылары.
Кез келген дағдарыста табыссыз қалмайтын екі мамандық бар. Тіс дәрігері мен шаштараз. Бұл бұрыннан мәлім.
Ал заман ағымына байланысты тізімді фотограф толықтырды.
Себебі қазақтың кез келген тойы фотографсыз өтпейді. Одан кейінгі орында – білім саласы. Соңғы жылдары ағылшын тілі курстары көбейіп, ұлттық бірыңғай тестке дайындау орталықтары артты.
Табысы мол бизнес түрлерін ломбард пен жалға беру қызметі толықтырды. Бүгінде баспана, көлікпен қатар, әшекей бұйымдары, мерекелік костюмдер мен той киімдерін жалға алуға болады. Жерлеу қызметінің де табысы тұрақты.
АҚШ Федералды резервтік жүйесі пайыздық мөлшерлемені 0,25 пайызға дейін көтеруі мүмкін.
«Бірақ бұл Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсер етпейді», – дейді сарапшылар. Федералды резервтік жүйе көрсеткішті өткен жылдың желтоқсанында ұлғайтпақ болған.
Мақсат – Америкадағы жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, экономикалық көрсеткіштерді жақсарту.
Талғат Камаров, қаржы сарапшысы:
-АҚШ Федералды резервтік жүйесінің пайыздық мөлшерлемені көтеруі теңге бағамына әсер етпейді. Өйткені біз АҚШ экономикасына бәлендей тәуелді емеспіз. Әрі сыртқы қарызды доллармен алуды азайттық.
«Алайда Ресей мен Қытайдағы өзгерістердің елдегі экономикалық ахуалға әсері бар», – дейді сарапшылар.
Сонымен қатар әлемдік нарықтағы мұнай бағасының құбылуы теңге бағамына ықпал етуде.
Ал мұнай бағасы әлі де арзандауы мүмкін. Гарвард университетінің профессоры, белгілі сарапшы Леонардо Моджери осындай болжам жасауда. Себебі қара алтын нарығындағы ұсыныс сұраныстан әлдеқайда жоғары.
«ОПЕК-ке мүше елдердің қара алтын өндірісін азайту туралы келісімнің жоспарға сай орындалып жатқанына қарамастан, шикізаттың арзандауына АҚШ-тағы мұнай өндірісінің артуы себеп болды», – дейді сарапшы.
Әрі бұл келісімнен соң да әлем елдері жаңа жобаларды іске қосып жатыр. Нәтижесінде, өткен аптада мұнай 9 пайызға арзандады.
Алайда бүгін брент маркалы қара алтын құны 1,51 пайызға қымбаттап, 51 доллар 69 цент болды.
Ал ұлттық валютамыз керісінше арзандаған.
Қазақстан қор биржасының күндізгі сессиясында 1 доллар 319 теңге 5 тиынға тең болды. Бағамның құбылуына мұнай бағасымен қатар сыртқы фактордың да әсері мол.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





