Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Серік Түлбасов

15:18, 5 сәуір 2019

Серік Қарабайұлы Түлбасов – Қазақстандық кәсіпкер, құрылыс салушы және девелопер, “TS Development” ЖШС құрылтайшысы және директорлар кеңесінің төрағасы. 1965 жылы 17 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1989 жылы – Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс»  мамандығын бітірген.

Мәскеу қаласында А. Кучеренко атындағы Орталық Құрылыс құрылымдары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасына түскен.

Еңбек жолы:

Алматы теміржол көлігі инженерлері институтта көпір салу зертханасында кіші ғылыми қызметкер лауазымында жұмыс істеді.

1992 жылы – кәсіпкерлікпен айналыса бастады.

1997 жылы – TREC компаниясының негізін қалады.

2001 жылдан бастап –  TS Development компаниясының жалғыз құрылтайшысы және директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.

Отбасы:

Үйленген.

Төрт баласы бар.

Активтері:

Серік Түлбасовке 2014 жылы ашылған Dostyk Plaza СОО және 2016 жылдың соңында іске қосылған Shymkent Plaza СОО тиесілі.

Бизнесмен TS Development СОО – дан басқа коммерциялық жылжымайтын мүлік саласындағы «Кең дала» БО, CDC-1, «Спутник» СОО, «Аэлита» ТК, Bukhar Zhyrau, Fidelity фитнес-орталығы, «Crystal Air Алматы» коттедж қалашығы, Атырау қаласындағы Atyrau Plaza БО сияқты басқа да жобаларды іске асырды.

Дереккөз: wikipedia.org, forbes.kz

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!